Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 7 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 752 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Қызылордадан кім бар?

Қызылордадан кім бар?

Өткен сенбі-жексенбіде Атырауда болуды жоспарлағанмын. «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы бойынша Махамбеттің кесенесі, Сарайшықтың орны дегендей жерлерге аяғым жетсе дегем. Болмады. Бара алмадым. Бүгін қарап отырсам, бұл жағынан Қызылорда жақта да үлкен дүмпу бар екен.
Қызылордадағы Қазақ Орталық Атқару комитетінің тарихи ғимаратындағы музеймен бірге аймақтық Рухани жаңғыру орталығы қатар орналасатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев әлгі орталық Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырады дей келе, «Қазақ халқының өсіп-өркендеуіндегі бір ғасырлық уақыт осылайша бір-бірімен сабақтасып, рухани жалғасын таппақ»,- деп қайырыпты. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жағалауынан Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты бой көтеретін боп шешілді. Орталық жастардың жан-жақты даму мәселелерімен айналысатыны айтпаса да белгілі. Айтпақшы, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында Қорқыт ата кешенінде ашылған этноауылды да елдің түкпір-түкпірінен ғана емес, Ресей, Голландия, Франция, Германия, Жапония, Польша сияқты шет жақтан туристер келіп, тамашалауда екен. Бұл да болсын, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырудың, сол арқылы Сыр елін шартарапқа танытудың бірден-бір мүмкіндігі болмақ. Кәне, оқырмандарымның арасында кім қызылордалық, қол көтере отырыңыздар!

                                                                                                 Өркен Кенжебектің Инстаграм парақшасынан алынды.
24 тамыз 2017 г. 97 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?