Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 9 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 752 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Батырхан Шүкеновтің әндері ұлттық аспапта шырқалды

Батырхан Шүкеновтің әндері ұлттық аспапта шырқалды

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткен Қызылорда облысының мәдени күндерінің қорытынды концертінде Сыр өнерпаздары Батырхан Шүкеновті еске алды, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі. 
Гала-концертте көрерменге түрлі тосынсыйлар ұсынылды. Солардың ең бастысы - Батырхан Шүкеновтің еске алуы. Батырханның әндерін "Сыр самалы" аспаптық ансамблі "Отан Ана" композициясын орындады. Мұны тамашалаған жұрт әлеуметтік желіде таңданысын жасыра алмады. "Сыр бойынан келген өнер иелерінің талантын жақсы білемін, бірақ мен ойлағаннан да асып түсті. Оны тек тыңдау керек. Домбыра, қобыз, қылқобыз және басқа да ұлттық аспаптармен "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің саундтрегін орындау - мен үшін керемет тосынсый! Вокальды-аспапты "Сыр самалы" ансамблі бүгін жандырды! Ал қызылордалық опера әншілері айтсаңызшы! Олар "Астана Опера" әншілерінен кем емес! Оны көрмесеңіз, төмендегі бейнежазбадан қарау керек. Қызылордалық өнерпаздар Батырхан Шүкеновтің хит әнін ұлттық аспапта орындады", - деп таңданыспен жазады Дамир Байманов.

Астаналық көрерменді таң қалдырған тағы бір тосынсый - ғарышпен байланысқа шығу. Халықаралық ғарыш станциясындағы 52-экспедиция экипажымен телекөпір өткізіліп, ғарышкерлер Федор Юрчихин мен Сергей Рязанский Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдады. 

Айта кетейік, Қызылорданың ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі күндері 20 тамызға дейін жалғасын табады.

15 тамыз 2017 г. 82 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?