Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-1 °C
Жел: 1 м/с
Ылғалдылығы: 86 %
Қысым: 754 мм
  • USD 367.3 (+0.24)
  • EUR 419.68 (+3.51)
  • RUB 5.58 (+0.02)
» » Жастық Жалыным – Мәңгілік Еліме!

Жастық Жалыным – Мәңгілік Еліме!

 Батыр қыз атындағы оқу орнының шежірелі тарихының бүгін тағы бір жаңа беті ашылмақ. Ол – өмірі – өнеге, ерлігі дастан Мәншүк Мәметованың туылғанына-95, осы киелі есімді сонау 1952 жылы еншілеп, ұрпаққа үлгі етіп келе жатқанына – 65 жыл толып отыр. Сонымен қатар ұлағат ұясы да - 85 жаста. Осы айтулы күндерге арналып, Қызылорда облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, «Ұлы Дала ұрпақтарын тәрбиелеуде  «Мәңгілік Ел» идеясының алар орны»тақырыбында  облыстық патриоттық форум өтті.

Патриоттық форумның алғашқы «Жастық жалыным – Мәңгілік Еліме!» атты митингісі мен «Мәншүк маршы» 2017 жылдың қазан айының 20 – күніне жоспарланды. Митинг мазмұны «Мәншүк маршына» қатысушылардың, Ауған соғысы және колледж ардагерлерінің, ұстаздар мен студенттердің колледж ауласында салтанатты сап түзеуімен басталады. ҚР Мемлекетті Туы көтеріліп, Гимн орындалды.  

Митингте облыс әкімі орынбасары, ардагер ұстаз және көшбасшы студент сөйледі. «Мәншүк маршы» тек қана қыздардан тұрады. Маршқа арнайы әскери қызметтегі қыз бұйрық берді. Марш М.Мәметова ескерткішінен старт алып, белгіленген маршрут бойынша «Катюша», «Атамекен», «Сарбаздарым» әндерін айтып жүріп отырды. Әндер арасында әрбір қатысатын қораптар өз ұрандарын айтты.

25 қазан 2017 г. 151 0

Похожие новости:

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?