Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 7 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 752 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Қызылордада жалағаштықтар жәрмеңке өткізді

Қызылордада жалағаштықтар жәрмеңке өткізді

 Өткен сенбі күні жалағаштықтар облыс тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды.
Аудан еңбеккерлері ұсынған көкөністер қызу саудаға түсіп, басым бөлігі бірден сатылып кетті. Әсіресе, қыстың қамын жаз ойлаған ағайындар тосап қайнатуға көкөністер мен жеміс-жидектерді молынан алуға тырысты.Жәрмеңке өтетін межелі орынға жағалай орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын сатушылар тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетті.Аудан диқандары жеткізген 6 тонна ақ күріш, 2 тонна ақ ұсақ, 2 тонна күріш қалдығы, 15 тонна картоп, 5 тонна қырыққабат, 9 тонна сәбіз, 3 тонна қызылша, 8 тонна жуа, 2 тонна асқабақ, 4 тонна қызанақ, қияр, қауын-қарбыз секілді бақша өнімдері және 3 тонна жүзім, 3 тонна алма, 1 тонна алмұрт, 1 тоннадан астам сиыр еті мен жылқы еті және сүт өнімдері мен мал азықтары қала тұрғындарына тиімді бағамен сатылды. Жалпы осы күні барлығы 13 млн теңгенің азық-түлігі төмен бағамен саудаға түсті.
25 қазан 2017 г. 68 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?