Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
+39 °C
Жел: 2 м/с
Ылғалдылығы: 24 %
Қысым: 742 мм
  • USD 383.43 (+0.14)
  • EUR 432.47 (+1.04)
  • RUB 6.12 (+0.04)
» » Тағылымы мол кездесу

Тағылымы мол кездесу

 Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында «Тұлғатану» тақырыбымен «Қазақстанның жаңа 100 есімі» жобасына ұсынылған жас ғалым, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Үздік оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Нұрбол Аппазовпен кездесу өтті, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.

Аталмыш кездесуге «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байұлы және бірлестік мүшелері, облыстағы ғылымға бейімі бар дарынды оқушылар мен студент-жастар, магистранттар мен докторанттар, БАҚ өкілдері қатысты.

Н.Аппазов  химия ғылымы саласында 30-ға жуық ҚР инновациялық және өнертабыс патенттердің авторы. Оның шетелдік жоғары импакт-факторлы және Қазақстанның ғылыми басылымдарында 70-ке жуық мақаласы, халықаралық және республикалық конференцияларда  70 шақты материалдары мен тезистері, ЖОО студенттеріне арналған 4 оқу құралы, 2 монографиясы, жүзден аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. Сонымен бірге ол 2010-2012 жылдары талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның, 2012 жылы Қызылорда облысы «Жас ғалым» номинациясының, 2013 жылы Қызылорда облысы әкімі стипендиясының, 2014 жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының өнертапқыштықты дамытқаны үшін А.Нобель атындағы медаль иегері. Кездесу барысында ғалым ғылыми жетістіктері жайлы сөз етіп, ғылымға бейімі бар 5 мектеп оқушысына жетекшілік жасайтын болды. 

24 қазан 2017 г. 178 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?