Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-2 °C
Жел: 3 м/с
Ылғалдылығы: 100 %
Қысым: 755 мм
  • USD 370.11 (-0.44)
  • EUR 419.37 (-2.39)
  • RUB 5.58 (+0.01)
» » Сығанақ - туризм индустриясын дамыту көзі

Сығанақ - туризм индустриясын дамыту көзі

Саяси және экономикалық реформалардың негізі – қоғамдық сананың озық жаңғыруы болып табылады. Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының негізгі міндеттері: қоғамдық сананың ашықтығы, болашақ қазақстандық қасиеттерін тәрбиелеу, ең үздік дәстүрлерді және жаңа құндылықтарды дамыту, дәстүрлер мен мәдениеттің нарықтық қағидалар мен алдыңғы қатарлы технологиялармен үйлесуі.

Осыған орай, туған өлкені танып-білу мен ұлттық сәйкестікті сақтау арқылы адам бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге бағытталған «Туған жер» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобаларын іске асыру арқылы ұлттық сәйкестікті сақтаудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлу керек. Үкімет еліміздің әрбір өңірінің, сонымен қатар Қызылорда облысының, киелі нысандарының тізімін жасау бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Олар еліміздің «киелі жерлер белдеуіне» еніп, туризм индустриясын дамыту көзіне айналады.

Талқыланған тақырып бойынша өз пікірлерімен журналист, облыстық мәслихат депутаты Ш.Әбдікәрімов, жазушы А.Алматов, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ә.Тәжекеев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері А.Сайлау бөлісті. Қалашықты аралау кезінде археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры К.Жетібаев қазіргі таңда Сығанақ аумағында мешіт-медресе мен нысанның солтүстік-шығыс бөлігінің қақпалары ашылып, тазартылғанын, қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылып жатқанын айтты. Қалашық республикалық маңызға ие ескерткіш болып табылады, ол ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының алдын ала тізіміне енгізілген.

07 тамыз 2017 г. 195 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?