Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-2 °C
Жел: 3 м/с
Ылғалдылығы: 90 %
Қысым: 755 мм
  • USD 370.11 (-0.44)
  • EUR 419.37 (-2.39)
  • RUB 5.58 (+0.01)
» » Қамбаш - Сыр туризмінің төрі

Қамбаш - Сыр туризмінің төрі

Қамбаш – Арал ауданы Қамыстыбас елді мекеніндегі ғажайып су айдыны. Суы мөлдір әрі емдік қасиеті мол. Бүгінде жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлер экотуризм аймағына сұранып тұрғандай.

Сыр өңірі туризм саласына қолайлы ма? Қамбаш көлінің сервистік қызметі қандай деңгейде? Экологиялық туризмді дамыту мәселелері және қонақүйлерді ашудың негізгі қағидаттары қандай? – деген сұрақтарға жауап берген БҰҰ өкілі, жиналғандар назарын бірнеше мәселеге аударды. Маманның пікіріне сүйенсек, жасыл табиғат аясында ашылған қонақүйлерге сұраныс көп болады екен. Ал кейбір демалушылар киіз үй немесе қамыстан жасалған балықшылар қосынында тұруды қалайды.

Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие болып отыр. Республика аумақтарындағы табиғаты әсем елді мекендерді туристерге көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек. Бұл бағытта сала мамандары жұмыс жасауда. Бірақ, атқарылар істер одан да қомақты. Соның бірі ерекше қорғалатын көлдерді немесе қорықтарды туризмнің негізгі нысанына айналдыра білуіміз шарт.

Қазір облыста экотурзимді дамыту ісі қолға алынып, ол бойынша іс-шаралар жос­парланды. Алдағы уақытта бұл жарқын бастама Қамыстыбас аумағында де өз шешімін табатын болады. Кеш те болса экотуризмнің көшін сүйреп жүрген кәсіпкерлерге бұндай сабақ-семинарлар ауадай қажет. Шетелдік туристердің бабын таба білу, жергілікті жер табиғатымен таныстыру, көлдің кереметіне келушінің көзін жеткізу әрине оңай емес. Бірақ осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.

Мамандар жиында туристердің емдік қасиеті бар жерлерге көптеп келетінін атап өтті. Олай болса, Қамбаш көліне тынығушылар қатары болашақта артады деген сенім бар.

Сондай-ақ, облыстың мақтанышына айналған көлдің маңынан қарқынды құрылыс жұмыстары жүруде. «СаутсОйл» ЖШС көл жағасында пансионат салып жатыр. Осынау пансионат-профилакторийдің құны 450 миллион теңге құрайтынын ескерсек, қаншама жаңа нысандардың жарыса бой көтеретініне көз жеткізе аламыз.

Нысанда жатын, емдеу-профилактика­лық корпусы, асхана сияқты қажеттіліктері бар. Және салауатты өмір салтын наси­хаттауға да басымдық берілген, сонымен қатар ресторан, мәжіліс залы көпшілікке есік ашпақ. Аймаққа барған сапарында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жобаға ерекше қолдау танытып, көгілдір айдынның талайлар тамсана айтып жүретін орынға айналатынын тілге тиек еткен еді. Жағымды жаңалығымен бөліскен облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Құрманкүл Датқабекованың айтуынша, алдағы жылы осынау аймақ жаһандық талапқа сәйкестендіріліп, келушілерге арналған көптеген тынығу және сервистік қызмет көрсету орындарының да ашылатынын айтты. Яғни, күні ертең толық пайдалануға берілетін ғасыр жобасы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізіне таяу жердегі демалыс аймағы туристер үшін таптырмас жерге айналмақ.

                                                                                                                                               Нұрбек Дәуренбеков.

07 тамыз 2017 г. 204 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?