Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 9 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 752 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Әлеуметтік желідегі дау-дамайға Тимур Бектұрдың сараптамасы

Әлеуметтік желідегі дау-дамайға Тимур Бектұрдың сараптамасы

Әлеуметтік желінің ең жаман жері - кез-келген адамның жағасынан кім бірінші жармасса, сол жеңеді. Онда да дұрыс болғаннан, жөн сөйлегеннен емес. Әлеуметтік желіде бірінші сөз қозғаған адамның айтқаны дұрыс боп кететін табиғаты болғандықтан. Мұндағы ақпараттың алғашқысы "келіннің бетін ашқан" адамдай ыстық боп кетеді. Оның бақай есеп, түлкі қулықпен жазып отырғаны әсте есепке алынбайды.

"Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды" деп қояды да "Бәсе, неғып сондай бола қалды деп едім-ау" деп қойып өз эгосын тыр-тыр қасып алады. Өкініштісі, әлеуметтік желіде бір-бірінің бетінен тырнап, адамдардың қадіріне көлеңке түсірудің белең алып тұрғаны. Оның үстіне, ол адам нәзік жанды болса, шаруаң сәпсім бітті дей бер. "Против лома нет приема. Оны жеңсең, "қатынды жеңдім" деген әсте мақтанға жатпайды. Жеңбесең, сөз сүйектен өтіп кетеді. Сондай бір ыңғайға келмейтін алаң "әлеуметтік желі" деген.

Сондықтан, үнемі айтамын, тіпті ол ер адам болса да, ешқашан, ешқашан, ешқашан әлеуметтік желі арқылы біреудің айтқан сөзіне жауап бермеңіздер, өзара сөз саудаласпаңыздар. Мына жерде Ринатты түсінемін. Қанша дегенмен мемлекеттік арнаның құлағын ұстап отырған соң, жеке бас абыройын былай қойғанда, тұтас арнаның атына сөз кеп тұрған соң бір ауыз уәж айтыпты. Дұрысы, үнсіз қалдыру еді. Негізі, көзі қарақты адам мына жағдайдан обьем іздеп отырған адамның, "мен жасай алмай қалдым, анау үлгеріп кетті" деген секілді тиісерге қара таппай қитығып отырған адамның қылығы екенін түсінер еді. Ал ондай жаптым жала, жақтым күйеге қарсы бір ауыз жауап бергенмен ол күйе енді кетпейді. Құрдан-құр ақталған адамның кейпін киіп қаласың. Жалпы, осындай ақпараттық қысым жасау - бұрыннан өзін-өзі ақтағанымен, ең лас тірліктердің бірі.

Ешқашан, әлеуметтік желіде сыртыңыздан айтылған сөзге жауап бермеңіздер. Әйтпесе, ондай адамдар өздерінің тұңғиығына оп-оңай тартып кетеді. Нақты қояр кінәсі болса, нақты дәлелі болса, онда заң аясында талқылап, мәмілеге келуге болады. Ал оған көнбейді екен, демек ол әшейін жала жауып, тиісерге қара таппай отыр, дүниедегі барлық келеңсіздіктің кінәсін сенен көріп отыр деген сөз. Ал ондай адамға уақыт құртуға, сол деңгейге түсуге бола ма? Әрине, жоқ.

P.S. Жалпы әлеуметтік желілерде айтылған әңгімелерді бүкіл Қазақстан мен саналы қазақтардың барлығының бір ауыздан құптаған, жөн әңгіме деп қабылдап қажет емес. Мейлі, лайгы мен пікірі һәм репосты көп болса да.

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?