Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 7 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 752 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Қызылордада 7 спорт кешенінің құрылысы жүруде

Қызылордада 7 спорт кешенінің құрылысы жүруде

 Елбасы Жолдауына сәйкес 2020 жылға қарай Қызылордада спортпен тұрақты шұғылданушылардың қатарын  30 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін спорт нысандарының халыққа қолжетімді болғаны керек. Соңғы 3 жылда өңірде 9 спорт кешені пайдалануға берілген. Қызылорда қаласының «Мерей» мөлтек ауданында мемлекеттік жеке әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Мұнда 1200 адамның 15 спорт түрімен шұғылдануына жағдай жасалған. Биыл аймақтың 7 елді мекенінде,  атап айтқанда  Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде заманауи үлгідегі спорт кешендерінің құрылысы басталды.

Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің қолдауымен қаладағы орталық алаң, Тасбөгет, Мерей мөлтек аудандары мен М.Ералиева мәдениет үйі ауласында 4 стрит воркауд алаңын салу жоспарланған. Қазіргі таңда орталық алаңдағы воркауд кешені жұмыс істеп тұр.

12 қыркүйек 2017 г. 87 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?