Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 7 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 751 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Қала әкімі зиялы қауымдарды құттықтады

Қала әкімі зиялы қауымдарды құттықтады

 Қала күні мерекесі жалғасуда...

Кеше, 22 қыркүйек күні айтулы мерекеге орай бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, «Көңілді жолаушы» және «Қызылорда оқитына қала» тақырыбымен әдеби автобус шарасында қала өнерпаздары қоғамдық көліктерде жолаушылармен бірге ән айтып, ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқыды.

«Үш кемеңгер» ескерткішінің жанында «Кітап бульвары» атты кітаптар жәрмеңкесі және әдеби кеш өтті.

Мұнан бөлек, «Туған қалам - Қызылорда» атты суретшілер байқауы, «Сыр сандуғаштары» балалар вокалды тобының концерттік бағдарламасы, «Сүйікті қалам Қызылорда» атты фото-суретшілердің байқауы, «Театр fest»Қызылорда қаласындағы балалар қуыршақ театрлары мен «Жастар» театрының қойылымдары көпшіліктің көңілінен шықты.

Осы күні кешке, қала әкімі Н.Нәлібаев сұлу Сырдың жағасындағы көрікті орындардың бірінде «Дария жағасындағы сұлу қала» атты мерекелік шарада, қаламыздың өсіп-өркендеуіне еңбегі сіңген құрметті азаматтар, зиялы қауым өкілдерімен ашық аспан астында бейресми кездесу өткізді.

- «Күн санап гүлденіп келе жатқан әсем қаламыз биылғы төл мерекесін жеті күн бойына жеті түрлі атаумен атап өтуде. Әр атаудың астарында тұрғындарымыздың қалаға деген сүйіспеншілігі, ыстық ықыласы, бір шаңырақ астында өмір сүрген түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымағы жатыр.

Бүгін өздеріңізді ашық аспан астындағы кездесуге, «Дарияның жағасындағы қаланың» мерекесін тамашалауға арнайы шақырдық.

Яғни, қаланың жанашыр болған азаматтары, бұрын осы қалада басшылық қызмет атқарған еңбек ардагерлері, қаламыздың тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысып отырған құрметті азаматтар, экономиканың әр саласында, білім, мәдениет, құрылыс, әлеуметтік салаларда абыройлы еңбек еткен ел ағаларын ортақ мерекемен құттықтап, Сіздердің ел үшін еткен еңбектеріңізге, қаламыздың жан-жақты дамуына қосып жүрген зор үлестеріңізе шынайы алғысымды жеткізгім келеді», - деді, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы.

Кездесу барысында қаламыздың өткен өмірінен естеліктер, тарихын сыр шертер мағыналы әңгімелер айтылып, бүгінгі жеткен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімдерін жеткізіп жатты.

Шара соңында жергілікті ақын, сазгерлердің туындылары орындалып, ардақты тұлғаларға арналған мерекелік концертпен аяқталды.

еле жатқан әсем қаламыз биылғы төл мерекесін жеті күн бойына жеті түрлі атаумен атап өтуде. Әр атаудың астарында тұрғындарымыздың қалаға деген сүйіспеншілігі, ыстық ықыласы, бір шаңырақ астында өмір сүрген түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымағы жатыр.

Бүгін өздеріңізді ашық аспан астындағы кездесуге, «Дарияның жағасындағы қаланың» мерекесін тамашалауға арнайы шақырдық.

Яғни, қаланың жанашыр болған азаматтары, бұрын осы қалада басшылық қызмет атқарған еңбек ардагерлері, қаламыздың тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысып отырған құрметті азаматтар, экономиканың әр саласында, білім, мәдениет, құрылыс, әлеуметтік салаларда абыройлы еңбек еткен ел ағаларын ортақ мерекемен құттықтап, Сіздердің ел үшін еткен еңбектеріңізге, қаламыздың жан-жақты дамуына қосып жүрген зор үлестеріңізе шынайы алғысымды жеткізгім келеді», - деді, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы.

Кездесу барысында қаламыздың өткен өмірінен естеліктер, тарихын сыр шертер мағыналы әңгімелер айтылып, бүгінгі жеткен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімдерін жеткізіп жатты.

Шара соңында жергілікті ақын, сазгерлердің туындылары орындалып, ардақты тұлғаларға арналған мерекелік концертпен аяқталды.

 
28 қыркүйек 2017 г. 76 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?