Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 7 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 751 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Қазалыда ет кластері қолға алынды

Қазалыда ет кластері қолға алынды

Аймақта «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар іске асырылуда.

Қазалы ауданындағы «Сыр Маржаны» ЖШС-нің 500 басқа арналып салынған МІҚ малын бордақылау алаңында жыл басынан бері 200-ден астам сиыр бордақыланып, оның 100-і сойып, сатылды.

Бүгінгі күні алаңның қуатылығын 3000 басқа ұлғайтуға жұмыс жасалуда. Сонымен қатар, алаң жанынан ет консерві зауытын ашу жоспарланып, ет кластерін жасау үшін дайындық жұмыстары басталды.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, осы күні Ресей мемлекетінің Астрахан қаласы әкімшілігімен 20 тонна ет өнімін экспортқа шығару үшін екі жақты меморандумға отыру үшін келісімдер жасалу үстінде. .

Мал шаруашылығының дамуына дем берген «Сыбаға» бағдарламасы аясында осы жылы 262 бас аналық сиыр мен 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған.

07 тамыз 2017 г. 132 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?