Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
0 °C
Жел: 1 м/с
Ылғалдылығы: 86 %
Қысым: 754 мм
  • USD 367.06 (0.00)
  • EUR 416.17 (0.00)
  • RUB 5.56 (0.00)
» » Спикерлер Қармақшыда семинар-тренинг өткізді

Спикерлер Қармақшыда семинар-тренинг өткізді

   Күні кеше облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ақпараттық топтар қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Көпшілік алдында сөйлеу: аудиторияны меңгерудің психологиялық аспектілері және ораторлық қабілет» атты семинар-тренинг өтті.   Басқосуға өңірдегі мекеме, бөлім қызметкерлері, бірлестік өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді жастар қатысты. Семинарды Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев ашып, «Аудиторияны меңгерудегі сөйлеу шеберлігінің маңызы» тақырыбында дәріс оқыды.
– Көпшілік алдында сөйлеу, аудиторияны меңгеру және өз ойыңды жеткізе алу мен тыңдата білу адам бойындағы ерекше қабілетті және оны жетілдіріп отыруды қажет етеді. Шебер сөйлеу, өз ойыңды ұтымды жеткізу мен аудиторияны сенбіре алу шешендіктің белгісі. Сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын иесі ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый-құрметке ие болып отырған, – деді ол.
Иә, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті – әдептіліктің биік шыңы. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Жалпы, көпшілік алдында сөйлеу белгілі бір аудиторияда айтылатындықтан, сөйлеуші кімнің алдында сөйлейтінің біліп алып, тыңдаушылардың ахуалын және көңіл күйін ескеруі қажет. Бұл көпшілік алдында сөйлеуге және тез тіл табысуға мүмкіндік береді. Мұны айтқан психология ғылымдарының кандидаты Алмагүл Аяғанова көпшілік алдында «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында сөз қозғады.  
– Көпшілік алдында сөйлегенде қай-қайыссымыз да уайымдап, қорқыныштың бойымызды билеп алуына жол береміз. Көпшілік алдында сөйлеу – тікелей қарым қатынаста және белгілі бір аудиторияға бағытталған жағдайда жүзеге асатын сөйлеу әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Ал мұны әлеуметтік-психологиялық аспектіде қарастыратын болсақ, онда бұл сөйлеушінің аудитория алдында монологтық сөйлеуі тиіс, – дейді психолог маман.  
Семинар барысында «Ақпараттық соғыста қорғаныс амалдары» тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев желі арқылы тарап жатқан жалған ақпартты қалай анықтау керектігін егжей-тегжей түсіндірді.
            Шара соңында мамандар қатысушылардың ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, сауалдарына жауап берді.
26 шілде 2018 г. 15 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?