Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-2 °C
Жел: 3 м/с
Ылғалдылығы: 100 %
Қысым: 755 мм
  • USD 370.11 (-0.44)
  • EUR 419.37 (-2.39)
  • RUB 5.58 (+0.01)
» » Жастарды жұмыспен қамту-маңызды міндет

Жастарды жұмыспен қамту-маңызды міндет

 Жастарды тұрақты жұмыспен қамту аймақта жүзеге асып жатқан маңызды міндеттің бірі. Өткен жылы 8 мыңнан астам қыз-жігіт мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрсе биыл 2853 жас «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысуда.

 3 бағыт бойынша жүзеге асатын бағдарламаның бірінші  - қысқа мерзімді курста оқыту бағыты бойынша 497 жұмыссыз жас жолдама алды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 937 адам жыл соңына дейін «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

Үшінші бағыт – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту. Бүгінгі таңда, осы бағыт негізінде 51 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, жұмыссыз жүрген жастар қоғамдық жұмысқа да тартылуда.

Ал, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 537 маманға жеңілдетілген несие берілді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 182 маманға 28,9 млн теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді. Оның ішінде  100 адам білім,  51 жас денсаулық сақтау саласының мамандары.

12 қыркүйек 2017 г. 181 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?