Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-2 °C
Жел: 2 м/с
Ылғалдылығы: 100 %
Қысым: 755 мм
  • USD 370.11 (-0.44)
  • EUR 419.37 (-2.39)
  • RUB 5.58 (+0.01)
» » Мүсірәлі қожа Сопы Әзіз

Мүсірәлі қожа Сопы Әзіз

Мүсірәлі қожа Сопы Әзіз бабамыздың ісі болашаққа өнеге, есімі үлгі таусылмас құнарлы қайнар бұлақ.
Ел арасында шаршы топты жарып, ділмар шешен, ақыл-ойлы, парасатты, алдағыны болжағыш, көріпкел әулие кешегі уақытта ел тірлігін, ұлт ұйымшылдығын сақтау үшін оқтай сөздерімен қара ниетті жандардың тіліне, ниетіне бұғау салып отты найзағайдай қара түнекті қақ жаратын Алланың құлы Мұхамбеттің үмбеті ойындағысын сөзбен толықтай жеткізе алатын дұғалары қабыл болған, көзден кетсе де көңілден кетпейтін Мүсірәлі қожа Сопы Әзіз бабамыздың ісі болашаққа өнеге, есімі үлгі таусылмас құнарлы қайнар бұлақ .

Ел арасында, халық жадын­да жатталып,тарихта сақталып қалған бірегей тарихи тұлға Мүсірәлі қожа Сопы Әзіз 1639 жылы дүниеге келген. Балиғат жасына толғаннан бастап өмір жолы ислам дінінің кәусар білімін бойына жинақтап,бар өмірінің ислам дінінің ілгері басуына бойына жинаған ілім-білімін дінді уағыздауға арна­ған тұлға. Мүсірәлі қожа Сопы Әзіз Бұхар Шәрип, Көкелташ медресесінде 12 жыл оқыған, одан соң Бұхар Шәриптегі жо­ғары діни оқу орны Бұхар әмі­ріне қарайтын атақты Мірараб медресесінде 8 жыл дәріс ал­ған, одан соң әрі қарай ­ Шам ша­һарында 5 жыл дәріс алған. Өмірінің 25 жылын ислам ді­нінің жолына сарп еткен тұл­ғаның бірі. Шам шаһарынан 38 жасында аты аталған мед­рес­ені аяқтап, Бұхар Шәрип­ке қайтып келген. Мүсірәлі қожа Сопы Әзіз ислам дінінің сопы­лық бағыттағы тарихат жо­лын ұстанған. Бұл кісі Бұ­хара әмі­рінің және Мирараб медресе шихының тапсыр­масы­мен ха­лықты дін жолына насихаттау және шәкірт тәр­биелеу мақ­сатында Түркістан қаласы Қожа Ахмет Иассауидегі Қазі­рет сұлтанға жіберіледі. 1677-1679 жылдары Түркістан шаһа­рында түбі бір түркі мұ­сылман жұртына ислам фи­лософиясы, ислам тарихы, Құран кәрім, ха­­дис, фих тағы тарихат со­пы­лық бағыттағы ілімдерінен дәріс берген. 1680 жылы қазақ хандығына үш жүздің және алты алаштың игі жақсылары мен билері аузы дуа­лы ақса­қалдардың қол­дауы­­мен Күл­төбеде Тәуке хан сай­ланғаннан кейін қазақ би­лері мен данагөй абыз ақсақал­да­рымен ойласа келе, елді діни ба­ғытпен бас­қаруды қолға алады. Мүсірәлі қожаны үш жүзге ортақ пір етіп сайлайды. Мүсірәлі есімі­не Сопы Әзіз атағы қосып бе­ріледі. Мүсір­әлінің алты бала­сының бірі Сүгірәлі,  Дербісәлі, Мұхам­мед-Дербіс, Сауранбай, Дос, Қо­сым қожа да оның ұлы Әбу­жәлел де пір болған. Мұ­хам­мед-Дербістен бала жоқ, атақты палуан болуына бай­ла­нысты бір жарыста түрікмен палуанымен күш сынасқанда жауырыны 12 қарыстығына халық қызығып, көз тиіп қай­тыс болған. Қалған бесеуінің балалары Қазақстанның әр түкпірінде өмір сүріп жатыр.Мүсірәлі атаның кереметтігі оның көріпкелдігі, пірадар­лы­ғы да баршылық, ол хан кеңесінде өткен пір сайлау сы­на­ғына қатысқан. Әулие қо­жа­­­лар­дың көріпкелдігін сынауда Мүсірәлі мақтаны үрлеп жан­дырып, жалындаған от ішінен жанбай шығады. Жиналған би­лер Мүсірәлінің осы кере­мет­тігіне қайран қалған.Келесі кезектегі сайыс сиырдың ішін­дегі бұзауының түрін, түсін, жынысын, анасының ішінде қандай күйде жатқанын жи­нал­ған көпшілікке бұлжытпай айтып беруі. Осы кезекте бі­рін­ші болып сөз алған ұлы жүздің ғұламасы Айтқожа «бұл сиырдың ішіндегі бұзау­дың түсі қара, жынысы ұрға­шы, ақтөбел бұзау жатыр» дей­ді. Орта жүздің ғұламасы Шор­танбай қожа «сиыр ішін­дегі бұзау ұрғашы, қара бұзау құйрығы ақ» дейді.Кіші жүздің ғұламасы кезек Мүсірәліге ке­леді. Ол да «сиырдың ішін­дегі шындығында ұрғашы қара бұзау, құйрығының ағы бұзау­дың маңдайына оралып келіп жатыр» дей келе, алдыңғы ғұламалардың сөзін дәлелдей келе нақтылап жауап береді.Үш ғұламаның айтқанына куә болған халық одан соң сиырды бауыздап,ішін жарып қараса, бұзау қара түсті, ұрғашы, құй­рық ұшындағы ағы бұзаудың маңдайына келіп жатыр екен.Мүсірәлінің тағы бір ерек­ше­лігі, пірлер сайысында ең күр­делі сынақ өлі аруақтармен тіл­десу. Сол кезде Мүсірәлі­нің айтқаны «Сайрамда бар сан­сыз бап, Түркістанда Түмен бап, олармен сөйлесу оңайы­рақ, олардың бәрі тірі ғайып­тар» дейді. Олардан бөлек жеті түрлі ұлт өкілдерінің өлі аруақ­тармен жеке-жеке тілдесіп, олардың хал жағдайын білген және оның сөйлескеніне сай­ыстағы жиналған барша жа­мағат куә болған және көріп­келдік қасиетіне тәнті болған.Мүсірәлі қожаның «жеті өлік­ке жан бітірді» деуі осы әң­гіменің желісі негізінде жеті өлікпен тілдесуі Мүсірәлінің шын әулие екенін көрсетеді. Бабаның тағы бір кереметтігі, қалмақ елімен жаугершілік уақытында қазақ елін ашық шайқасқа шығуға шақырады.Осы кезде Тәуке хан өзінің би сұлтандарымен пірі Мүсірәлі қожаны хан кеңесіне алды­рады. Кеңестегі негізгі мәселе ашық шайқасқа шығу, шықпау немесе ортақ келісімге келу жай­лы талқыланады.Осы кең­ес­те Мүсірәлі қожа әрі пір өз ойын ортаға салады.
– 20 жылға дейін ашық ай­қас­қа шығуға болмайды. Өй­ткені біз азайып қалдық. Не болғанда да ортақ келісімге келіп, жоңғарға елші жіберуі­міз керек, – дейді ол. Елші­лікке 12 адам дайындалып, жолға жи­нақ­талады. Сол кезде Мүсірәлі пір бір орамалға бір уыс мақ­та,бір уыс мұз және бір уыс шоқты салып құбылаға бет бұрып дұға қылып, үшеуін бір орамалға түйіп береді.Елшілік жоңғарларға жүріп кетеді. Мейманасы тасыған жоңғар елі елшілікті қабылдамай мазақ етеді, жұмыс бітпеуге айнал­ғанын сезген елшілік басшысы қолындағы пір берген орамал­ды жоңғар ханына ұсынады.Жоңғар ханы орамалды ашып көрген кезде, орамал ішіндегі шоқ сөнбеген, мақта жанбаған, мұз ерімеген болып шығады. Хан барлық билер мен уәзір­лерін шақырып оның қасиетін сұрайды. Бірақ ешкім бұл жұм­бақтың шешуін таба алмайды. Сол мезетте ханның қызы әке­сінен рұқсат сұрап, «шешуін мен айтайын» дейді. Ол жұм­бақтың шешуі «Қазақ елі үш жүзден тұрады. Ұлы жүз мақтадай жұмсақ, орта жүз мұздай суық, кіші жүз оттай ыстық. Келісімге келсең, дос­тығымыз ақ мақтадай жұмсақ болады, ниетің бұзылса, мұз­дай қарып, шоқтай жанды­рамыз және жоңғар елін жер бетінен жоқ қыламыз»деген. Мұны жіберіп тұрған адам тегін емес, бұл қасиет тек ғана пайғамбар әулетінің қолынан келетін іс. Қазақ елі жаңадан ислам дінінің қабылдаған ақ көңіл, пейілі таза, жүрегінде иманы бар халық. Бұл сәлем­демені жіберіп отырған сол елдің ислам дінінің көріпкел әулие қожасының ісі. Мені сол адамға қосыңыз» деп әкесіне қолқа салады. Амалсыздан қы­зына келісім беріп, елшілікті дұрыс қабылдап, келісіммен қайтарады. Қалмақ қызы ислам дініне кіріп, Мәрия есі­мін алып, Мүсірәлі Сопы Әзіз­ге некелі жар болып, одан кіші жүздің пірі Қосым қожа туады. Әйелі толғақ үстінде қайтыс болып, атамыз бұл баланы ете­гіне салып асыраған екен. Бұл бала өз балаларынан ерекше болып өседі. Бұған қызғана қараған бәйбіше «пірім, қал­мақ­тың қызынан туған бір Қосымды менен туған ұлдар­дан артық көрудің себебі не?» деп өкпе айтса керек. Атамыз үйдің алдына өз ұлдарын және Қосымды шақырады. Әуелі өз ұлдарына «қане, түзге көз салындаршы, не көрінеді, ай­тыңдаршы» депті. Өз ұлдары ойлана келе «түзде шаң көрін­еді, шамасы жаугершілік бо­лып жатса керек» депті. Ал Қосым болса, «әке бір күншілік жерде сізге бір адам келе жа­тыр» депті. Ертеңіне сәскеде бір аттылы келіпті. Бәйбіше бұған да қанағаттанбай өкпесі тарқамапты. Одан соң атамыз есік алдына киіз төсеп, оның үстіне әуелі өз ұлдарын шақы­рады да, «секіріңдер» дейді. Өз ұлдары секірген кезде әрқай­сысынан бір-бірден қорғасын түседі. Ал Қосым секірген кез­де оның бойынан ақ киіздің үстіне тоғыз тамшы қорғасын түскен екен. Осыларды көрсе­те келе Мүсірәлі атамыз бәй­бішесіне «кемпір менен туған ұлдарыңның құдіреті тек өз бастарында ғана болады. Ал Қосымның құдіреті мен аруағы тоғыз ұрпағына кетеді. Мұның артық көруінің себебі осы» деп түсіндірген екен.
Бірде кіші жүз биі Әйтеке Мүсірәліге жолығып,«біздің елі­міз төменде, ел жаққа жүр­мейсіз бе?» дегенде әулие «Жас болса, келіп қалды.Пірі­лікке мына Қосым жаста болса жарайды» деп кенже баласын Әйтекенің қарамағына жібе­реді. Міне, сол уақыттан бері Қосым әлім руының арасында болып, кіші жүз Әйтекемен бірге және ел тұтқасын ұстаған азаматтармен бірге кіші жүз жеті руға пір болып жіберіледі.Іргесі керейт руы ішінде бола­ды. Қосым қожаны керейт руынан шыққан қожа деу себебі осы. Негізі, Қосым қожа сүйегі жеті ру керейтте емес, тек олардың жол сілтеуші ру­хани пірі болған. Негізгі сүйегі – қожа. Мүсірәлінің шығу тегі қазіргі аталып жүргендей жеті ру керейт те емес, Бақсайыс қожа да емес, тікелей Пайғам­бар Мұхаммед (сғс) тікелей не­мере ағасы әрі қайын атасы бірінші Халиф Әбубәкір Әс­сдих­тың р.ғ және де бүкіл түр­кі халқын ислам дініне кір­гізуші әулие баба түкті Шашты Әзіздің тоғызыншы ұрпағы. Таза қожа әулетінен бұларды қазақтар Әзіз қожа деп атайды. Әулиенің қасиетті 20 жылдан соң қазақ өсіп-өніп,қалмақты Аңырақай шайқасында біржо­лата жер бетінен жоқ қылады. Бұл әңгіме нанымды болу үшін әулиенің арапша жазылған дерегі әулиенің ұрпағы Умра қажылығын өтеуші Орынбет ишан мешітінің имамы Ғабдул­ла Ізатта сақталған мақаланы қорытындылай келе, Мүсірәлі қожа жан-тәнімен жинаған ілім-білімін болашақ ұрпақта­рына берген, қазақтың жер бетінде ұлт болып сақталып қалуына дұғасы мен ілімімен бар өмірін сарып еткен кере­мет әулие адам.
Мүсірәлі қожа Сопы Әзіз қолына мөр ұстаған мем­лекет­тік дәрежеде тарихта қалған, сөзі мен ісі мәңгілікке сақта­лып қалған пір. Сондықтан пір қай уақытта да пір.

                                                                                                                                       Аралбай Мамбетжанов,
                                                                                                                                               Майдакөл ауылы
                                                                                                                                               Қазалы ауданы
                                                                                                                                        Қызылорда облысы

Мақала "Айқын" газетінің 2015 жылғы 12 тамыз күнгі нөмірінен алынды.
12 тамыз 2017 г. 251 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?