Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-2 °C
Жел: 3 м/с
Ылғалдылығы: 90 %
Қысым: 755 мм
  • USD 370.11 (-0.44)
  • EUR 419.37 (-2.39)
  • RUB 5.58 (+0.01)
» » Сала басшылары жартыжылдықтың есебін берді

Сала басшылары жартыжылдықтың есебін берді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың 7 айында атқарған жұмыстары жайында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова баяндады, деп хабарлайды alashinform.kz ақпарат агенттігі. 
2017 жылы облыс бюджеті 209 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, жыл басынан бері 3 рет нақтылау нәтижесімен 218,7 млрд. теңгеге жеткізілді. Яғни 10 млрд. теңгеге артқан. 
Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында облысымызда жалпы құны 21 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жыл басынан бері 3 жоба бойынша келісім-шартқа қол қойылды. Олар «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету, И.Тайманов көшесінде ауысымына 400 адамды қабылдауға арналған емхананы ашу, «Мерей» мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу.
Сондай-ақ, бүгін баспасөз мәслихатында облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев жартыжылдықта атқарған жұмыстары жайында мәлімдеді. Облыс бойынша 2017 жылдың 1 тамызына бюджет түсімдері 101,4 пайызға орындалды, артық түсім 1,9 млрд.теңгені құраған. 
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында облыс бойынша жекешелендіруге жататын 13 нысан анықталды. Оның 7-ін биыл жеке секторға беру жоспарланса, «Байқоңыр» ӘКК акционерлік қоғамының 2 ұйымы жоба бастамашыларына сатылды. Қыркүйек айынан бастап қалған 5 нысан саудаға қойылады.
19 тамыз 2017 г. 145 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?