Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 9 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 752 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Кәсіп игеріп, бизнес ашам дегендерге қолдау бар

Кәсіп игеріп, бизнес ашам дегендерге қолдау бар

 Аймақта «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға 4,1 млрд. теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысушы ретінде 7067 адам тіркелген.

Бағдарламаның техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағыты бойынша қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілді. Оқу курстарына 1190 жұмыссыз мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар жолданды. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 937 адам белгіленген. Бүгінге дейін 468 адам курсқа жолдама алып, олардың 367 оқуын тәмамдады. 26 адам шағын несие алды. Сондай-ақ, ауыл мен қалада  кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін 87 адамға 673 млн. теңгеге шағын несие таратылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты, яғни халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 184 мекемеге 577 адам жолданды (жоспар - 505), оның ішінде 51 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

12 қыркүйек 2017 г. 86 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?