Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
+41 °C
Жел: 3 м/с
Ылғалдылығы: 24 %
Қысым: 741 мм
  • USD 383.43 (+0.14)
  • EUR 432.47 (+1.04)
  • RUB 6.12 (+0.04)
» » Регионика деген ғылым бар

Регионика деген ғылым бар

 Регионика деген ғылым бар. Бар шығар, бар деп қоямын. Аймақтану бір сөзбен. Әр аймақтыңсаяси-әлеуметтік, климатық-жағрапиялық ерекшелігі мен дамуын зерттейді.Астанадан гөрі аймақта көп жүретіндіктен, осы сала қызық маған. Бүгін Оралдыжаздым, енді кешке Қызылорда облысы туралы ләм дейін.

«Нұрлыжер» бағдарламасы дер кезінде нұрын төкті ме, әлде Қырымбек Көшербаевтың салалықолы сартылдатып тиісті құжаттарға қойылып жатыр ма, әйтеуір тұрғын үй құрылысытура Астанадағыдай. Басқа облыстардағы тұрғын үйсалу көлемін елдің алғашқы астанасы орталық боп тұрған облыспен салыстыруғакелмейді. Шыли көп. 
Мәселен, өткен жылы бірден 4000 пәтерлік 80көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Бұл 2015 жылға қарағанда 2 есеартық. Осының ішінде 36 үй өкімет қаржысының есебінен салынған. Кеше ме еді,арғы күні ме еді, облыс әкімі Қырымбектің Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтыңалдында айтқаны осы болды.

Сосыносы жылдың басынан бері 980 пәтерлік тағы 19 тұрғын үй пайдалануға беріліпті.2016 жылы Қызылордада 980 гектар жерге «Бәйтерек» деген жаңа мөлтек аудантұрғызылатын болған. Мұнда таяқ тастам болашақта 6600 жеке учаскеде 36 мыңнанаса адам тұратын болады. Ал бұл Қызылордада кейінгі 3 жылда пайда болған 11-шішағын аудан. 11-ші (!), Ошақбай (Карл, Карл дей бергеннен гөрі өзіміздіңперсонаждар керек сияқты осы жерде). Керемет қой. Қаржы қайдан десе, «Нұрлыжер» бағдарламасын нұсқайды.

Осы жазғанымның бәрі рас па, қызылордалықтар? Егер сәл өтіріктеу десеңіздер, ондаАқмешітке баруға тура келеді)

 













Өркен Кенжебектің Фейсбук парақшасынан алынды.
08 тамыз 2017 г. 238 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?