Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-1 °C
Жел: 1 м/с
Ылғалдылығы: 86 %
Қысым: 754 мм
  • USD 367.3 (+0.24)
  • EUR 419.68 (+3.51)
  • RUB 5.58 (+0.02)
» » Блогер тәжірибесімен бөлісті

Блогер тәжірибесімен бөлісті

 Қызылорда облысына танымал блогер Ерлан Мұсаев әлеуметтік желіде бренд қалыптастыруға байланысты семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік ақпараттық саясатты интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жүргізу және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануды үйрету жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі аясында «Әлеуметтік тұғырнамалар арқылы бренд немесе өнімге трафик тарту, көңіл аударту үрдісі» семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке аймақтық блогерлер, баспасөз хатшылары, журналистика мамандығы бойынша білім алушылар қатысты.

Семинар-тренинг мақсаты - әлеуметтік желідегі бренд қалыптастыру, өнімге трафик тарту, әлеуметтік желіде көңіл аударту әдістерін үйрету. Қазіргі таңда әлеуметтік желінің әлеуеті артып, қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал ететін деңгейге жетті. Алайда әлеуметтік желідегі әдеп, сауаттылық мәселелері әлі күнге дейін өзекті тақырып болып отыр. Осыған мәселелерді негізге ала отырып, семинар-тренингте барысында өз өніміңді немесе бренд қалыптастыру, көпшілікті қызықтырудың, көңіл аудартудың әдістері жайлы дәріс оқылып, қатысушылар тапсырмалармен жұмыс жасады. Семинар-тренинг соңында сертификат беріледі.

25 қазан 2017 г. 137 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?