Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
-6 °C
Жел: 7 м/с
Ылғалдылығы: 79 %
Қысым: 752 мм
  • USD 319.32 (-0.10)
  • EUR 396.28 (-3.76)
  • RUB 5.66 (0.00)
» » Жастар саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік мол

Жастар саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік мол

 Қызылорда - мемлекеттік жастар саясатына қомақты қаржы бөлетін республикадағы төртінші аймақ.  Жүйелі жұмыстың нәтижесінде Сыр елінің жастары барлық салада толайым табысқа қол жеткізіп жүр. Мәселен, биыл «Жасыл ел» еңбек жасағының кезекті маусымының ашылуы қызылордалық жастардан бастау алды. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған  көрмесін ұйымдастыруға 100 ерікті жас қатысуда.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 3214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге қаржы қаралды. Сондай-ақ, жұмыссыз жастар үшін ағылшын тілін үйретіп,  компьютерлік және құқықтық сауаттылықты арттыратын оқыту курстары ашылды.  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жастар орталығы мамандарының біліктілігін жетілдіру курстары ұйымдастырылуда.

12 қыркүйек 2017 г. 88 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?