Seykhun.kz

ақпараттық-сараптамалық
блог-порталы
kz ru
+39 °C
Жел: 2.4 м/с
Ылғалдылығы: 25 %
Қысым: 742 мм
  • USD 383.43 (+0.14)
  • EUR 432.47 (+1.04)
  • RUB 6.12 (+0.04)
» "Отбасы күні" мерекесі аталып өтті

"Отбасы күні" мерекесі аталып өтті

 Қыркүйек айының екінші жексенбісі – отбасы күні. Атаулы мерекеге орай облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсыры бойынша қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде салтанатты шара өтті.

Шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі жөніндегі комиссия хатшысы Бибігүл Үмбетова, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Лиза Скакова қатысып, отау тіккен жас жұбайларды құттықтады. 

Салтанатты шарада некеге отырушыларға отбасы құндылықтары жайлы айтылып, жанұялық ең алғаш құжат – неке қию туралы куәлік табыс етілді. Сонымен қатар, жас жұбайлар мен жас ата-аналарға арналған үнпарақшалар таратылып, ұйымдастырушылар тарапынан сый-тарту жасалды.
Айта кетейік, бұл мереке Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанда 2013 жылдан бері тойланып келеді. Осындай атаулы күні қаламызда 8 жұп үлкен өмірге қадам басты.

---
28 қыркүйек 2017 г. 210 0

Қолданушылар

Сауалнама

Сыр өңіріндегі тарихи орындар жайлы білесіз бе?